Алматылық Сағи Сүлейменов атты 24 жасар тұрғыны ұялы телефон сатамын деген желеумен сатып алушыларды 1,3 млн теңгеге алдап кетті. Медеу аудандық соты азаматты 2 жыл бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Жас жігіт өзін "Технодом" сауда үйінің қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындарды алдаумен айналысқан.
Прокуратураның деректері бойынша, Сүлейменов 2012 жылдың жаз айында ғаламторда қоймадан алынған ұялы телефондарды сатамын деген хабарландыру таратады. Оған сатып алушылар хабарласқан кезде, алдымен жарты ақысын төлеуіңіз тиіс деген шарт қояды.
Сол сөзге сенген сатып алушылар айыпталушының есепшотына тиісті соманы аударып, телефонның үйге жеткізілуін күтеді. Ақша шотына түскен соң Сүлейменов із-түссіз жоғалып кетеді. Осылайша алаяқ азамат 18 адамды алдаған. Жалпы құны - 1.3 млн теңгені құрап отыр. Көбіне iPhone маркалы ұялы телефондарына деген сұраныс келіп түсіп отырған.
Сот Сүлейменовтен 1,3 млн теңгені зардап шегушілерге қайтаруды және мемлекетке 13 мың теңге көлемінде баж салығын төлеуге шешім шығарды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024