Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында жалға беру (аренда, прокат) және лизинг бойынша қызметтер көлемі 294,6 млрд теңгеге жетті — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7 млрд теңгеге артық. Нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 106,7%-ды құрады. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz ұсынды.
2018 жылы қызметтер көлемі 563,9 млрд теңгені құрады-2017 жылмен салыстырғанда 92,7 млрд теңгеге көп.
ҚР өңірлері арасында ең үлкен көлем Атырау облысына тиесілі — 79,9 млрд теңге; екінші және үшінші орында Нұр-Сұлтан (77,7 млрд теңге) және Алматы (61,3 млрд теңге) қалалары орналасқан.
Ең төменгі көлем - Түркістан (182,6 млн теңге) және Солтүстік Қазақстан (621 млн теңге) облыстарында.
Жалға беру және лизинг саласындағы қызметтердің ең көп көлемі жүк автомобильдерін жалға алуға тиесілі: 36 млрд теңге, жылдық өсім - 23,1%. Көлемі бойынша екінші орынды автомобильдер мен жеңіл автокөліктерді жалға алу алады: 33,9 млрд теңге, жыл ішіндегі өсім - 7,6%. Көшбасшылардың үштігін азаматтық нысандарды салу үшін құрылыс техникасы мен жабдықтарын жалға беру түйіндейді: 14,9 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 64,7%-ға кем.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024