Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында 28 889,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Жамбыл облысында 28 889,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Тараз. 3 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылғы қаңтарда облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 28889,6 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты индексі 2015 жылғы сәйкес кезеңге 101,2%-ды құрады, деп Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте статистика департаменті басшысының орынбасары Шевцова Инга Анатольевна хабарлады.

Өнеркәсіп өндірісінің 8%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2296,8 млн теңгенің өнімін өндірді. Саладағы нақты көлем индексі - 102,3%. Ал өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінің 70,6% үлесін алады. Өңдеу өнеркәсібі 20411,9 млн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 104,9%-ды құрады.

Қант өндірісі 2,3 есеге артты («Центральноазиатская сахарная корпорация» ЖШС филиалдары Меркі және Тараз қант зауыттары), фосфор – 6,3%-ға өсті («Казфосфат НДФЗ» ЖШС Жамбыл филиалы); алтын – 55,7%-ға артты («АК Алтыналмас» АҚ, «Central Asia gold production» ЖШС).

Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, газ, бу жеткізу және ауаны баптау кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 20,7%-ын құрап, 5973,4 млн теңгенің өнімін өндірді. 2015 жылғы қаңтардың деңгейіне нақты көлем индексі 90,3%-ды құрады. Салада электр қуатын өндіру 31%-ға кеміді (негізінен «ЖГРЭС» АҚ есебінен).

Похожие материалы