Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Жамбыл облысында химиялық өнеркәсіпте 416,3 млрд теңгенің екі жобасын жүзеге аасыруды жоспарлап отыр.
"Тараз химиялық паркі" АЭА хабарлауынша, кәсіпорындарда 492 жұмыс орны ашылады.
Осылайша, 2021 жылдың І тоқсанында 36,3 млрд теңгенің сутегі периксидін өндіретін зауытты іске қосылуы мүмкін. Жобаның қуаттылығы жылына 33 мың тонна өнімді құрайды. Жұмыспен 192 адам қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ АЭА аумағында 2025 жылдың шілде айында минералды фосфор тыңайтқыштары өндіріле бастайды. Жоба 380 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорында аммиак, аммоний сульфаты, амиак селитрасы, сеперфосфат және диаммонийфосфат шығарылады. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн тонна өнімді құрайды.
Бұдан басқа, аймақта өсімдіктерді және микротыңайтқыштарды қорғаудың биологиялық жүйелерінің өндірістік кешені пайда болуы мүмкін. Алайда, әзірше бұл жоба әзірлеу процесінде жатыр, осыған байланысты оның құны мен қуаты белгісіз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024