Тараз. 14 мамыр. 7kun.kz - Жамбыл облысында асфальт-бетон зауыты іске қосылуға дайын. Бұл туралы Жаңатас қаласының әкімі Шалбаев Дәурен Асембайұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру барысы туралы брифингте мәлімдеді. Брифинг барысында қаланың жай-күйі мен даму барысы баяндалды.
Дәурен Шалбаевтың айтуынша, индустриялық аймақта 12 жаңа инвестициялық жобалар іске асатын болады, жобалардың жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда бұл «зәкірлік» жоба Жаңатас қаласына бұрынғы мамандандыруды жаңалау және қалпына келтіру үшін стратегиялық инвесторларды тарту міндетіне ауыстырылды.
Сондай-ақ, Жаңатас қаласын 2015-2017 жылдары дамытудың кешенді жоспарының «зәкірлік» жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге 2 «зәкірлік» жоба ұсынылып бекітілді. Олар:
1) Жаңатас қаласының индустриалды аймағында орналасқан «Тараз көлік жолы» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты. Зауыт өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген. Салынатын инвестиция көлемі 250,0 млн теңгені, ашылатын жаңа жұмыс орындары 50 адамды құрайды.
2) «Асыл тұз компаниясы» ЖШС-ныңас тұзын өндіру зауыты. 2015-2016 жылдары іске асырылатын жобаға салынатын инвестиция 444,0 млн. теңге. 75 жаңа жұмыс орыны құрылады. Жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2017 жылы іске қосу жоспарлануда.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024