Тараз. 7 маусым. 7kun.kz - Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожол жұмыстарына 900 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазавтожол» "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Кәрібаев Қайрат Кәлелханұлы мәлімдеді.
«2016 жылы республикалық мәні бар автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 900,0 млн теңге бөлінді. Республикалық мәні бар автожолдардың бойында үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылы шұңқырлықты жөндеу – 25 893 м2; жолтабандар мен кедірліктерді жою – 28 000 м2; белгі беру бағаншаларды орнату – 854 бірлік; жол белгілерін ауыстыру мен орнату – 362 бірлік; панноларды ауыстыру мен орнату – 12 бірлікті құрайды. Темір қоршауларды орнату және жөндеу – 6 714 п/м; жол жамылғысына жолақтарды сызу – 350 шм. Сондай-ақ, 4 автопавильондарды жөндеу жұмыстары жоспарналған»,- деді Қ.Кәрібаев.
Жамбыл облысы бойынша осы халықаралық транзитті дәлізі негізінен қолданыстағы «Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолымен өтеді. Сонымен қатар Қордай, Қүйік, Шақпақ асуларын және Тараз қаласы, Қордай, Құлан, Айша-Бибі, Бауыржан Момышұлы, Шақпақ ата елді мекендерін және Қырғызстан Республикасы аумағын айналып өтеді.
«495 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 495 шақырым автожолдың 295 шақырымы І-техникалық санатты төрт жолақты, 200 шақырымы ІІ-техникалық санатты екі жолақты. Жалпы шақырымның 351 шақырымы цементбетонды, 144 шақырымы асфальтбетонды жамылғы. Жол жамылғысы 13 тн өстік салмаққа және 20-25 жыл қызмет көрсету мерзіміне есептелген»,-деді спикер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024