Тараз. 16 қараша. 7kun.kz - Бұл туралы Облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов мәлімдеді.
Ерлан Өмірзақовтың айтуынша, 2016 жылдың 9 айында сыртқы сауда айналымы 1 млрд 156 млн 576 мың долларды құрады, жалпы салмағы - 1 млн 457 мың 53 тонна.
Ол сыртқы сауда айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың 9 айында 309 млн 642 мың долларға яғни 21 пайызға азайғандығын айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы үлесі 3,3% құрады.
2016 жылдың 9 айдағы экспорттың жалпы көлемі 1 млн 93 мың 99 тонна болса, ал импорт өнімдері орта есеппен 1 млн 93 мың 954 тоннаны құрады. Сондай-ақ, Ерлан Ролланұлы осы кезең ішінде кедендік транзит бойынша рәсімделген жүк тасымалы 5 мың 130 тоннаға жеткенін атап өтті.
Гүлия Айтуғанова "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024