Жамбыл облысы. 29 шілде. 7kun.kz – Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу, деп хабарлайды 7kun.kz.
«27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазір Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
ҰҚК шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024