Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңге жымқырылған

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңге жымқырылған

Жамбыл облысы. 11 шілде. 7kun.kz – Жамбыл облысында «Жас Маман» жобасына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады», – делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, «Жас маман» жобасы 2019 жылы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді. «Жас маман» жобасының операторы – «Кәсіпқор» холдингі.

«Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Похожие материалы