Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Қазақстан 2026 жылға қарай республиканың оңтүстігінде қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі ЖЭК жобасын іске қосады , деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «TotalEnergies» компаниялар тобы қуаттылығы 1 ГВт болатын ауқымды ЖЭК (жаңартылатын энергия көзі) жобасын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды.
«Қол қойылған құжат энергия сақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған», - делінген хабарламада.
ЖЭС Жамбыл облысындағы Мирный ауылының маңында салынады.
Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және 2024-2026 жылдар аралығында толығымен аяқталады деп күтілуде.
«Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жасыл электр энергиясын өндіруді арттыруға мүмкіндік береді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2030 жылға қарай «жасыл экономикаға көшу» туралы бекітілген тұжырымдамаға сәйкес жаңартылатын энергияның үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің кемінде 15%-ын, ал 2050 жылға қарай 50%-ын құрауы тиіс.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 30,1%-ға өсіп, 4,22 млрд кВт/сағ құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024