Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы көлемі өсті

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы көлемі өсті

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы көлемі өсті.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5%-ға артты.

Бұл  88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

Осы орайда еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі 15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы  20,6 мыңнан  21,7 мың теңгеге дейін өсті.

Похожие материалы