Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – Жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады, деп мәлімдеді ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков.
«2018 жылы пайдалануға берілетін ақылы жолдар бойынша айтар болсам, бұл үш учаске - «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Хоргос». Аталған жолдардың жалпы ұзындығы 471 шақырымды құрайды. Осы жылдың соңына қарай іске қосылады», - деді Амангелді Беков.
«Астана – Павлодар» учаскесі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген ирандық мердігер компаниямен шарт бұзылып, бұл жұмыстарға басқа компания тартылған. Аталған бағыттағы тас жолда жыл соңына дейін қозғалыс ашылады.
«Өздеріңізге белгілі орталық бағытпен қосатын Астана, Арқалық, Қандыағаш, Ырғыз арқылы өтетін үлкен жоба бар. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба аясындағы жұмыстар 2020-2021 жылдары басталады деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, біздің жоспарымыз бойынша, жаңадан салынған жолдардың барлығы ақылы болады», - деді Беков.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024