Жаңаөзен. 15 маусым. 7kun.kz – Адам өліміне әкеп соққан апат "Кезби" ЖШС ұңғымасында орын алды. Оның қызметкерлері бұрын да бірнеше рет қауіпті еңбек жағдайларына шағымданған, деп хабарлайды 7kun.kz.
«14 маусымда сағат 23:50-де Жаңаөзен қаласынан 40 км жерде орналасқан Қарақия ауданы, , «ӨзенМұнайГаз» АҚ НГДУ-2 No49 топтық қондырғының аумағындағы No9180 ұңғымасын сөндіру кезде АПРС-40 көтергіш қондырғысы өртенді. 15 маусымда сағат 00:51-де өрт сөндірілді. Өрт болған жерден күйіп кеткен мәйіт табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда». - деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Марқұм 1979 жылы туған, Бейнеу ауылының тумасы. «Кезби» ЖШС-де жүк тиегіш машинисі болып жұмыс істеген.
Жаңаөзен тұрғыны өз парақшасында қайғылы оқиға орнынан видео жариялады.
«Еңбек қауіпсіздігі сақталмаған, техника барлығы ескі деп Астанаға дейін бардық, үнімізді жеткізейік деп, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы не болды? Қазамен аяқталды. Эх, өкінішті, әріптесіміз еді», – деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024