2016 жылдың көктемінде Қазақстанда сирек кезлесетін металдарға геологиялық барлау басталады. Жобаны Жапонияның Ұлттық мұнай, газ және металдар корпорациясы мен отандық "Қазгеология" компаниясы жүргізеді. Тиісті келісім Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Астанадағы ресми іс сапары барысында қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөзге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешев пен жапон компаниясының башылығы қатысты.
"Келесі жылдың көктемінде “JOGMEG” және «Қазгеология» геологиялық барлау компаниясы Қарағанды облысындағы "Қызымшек" және Қостанай облысындағы "Жаңаарқалық" жерлерінде жұмыстырына кіріседі",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, олар Қазақстандағы сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға келісті. Бұл мәселені талқылау үшін қосымша кездесу өткізлетін болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024