Жапон министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга жапондық премьер-министр Синдзо Абэнің ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Оның мәліметінше, жапондық министрдің жеке сайты 10 желтоқсан күнгі түнде толығымен қолжетімсіз болған. Сонымен қатар, халықаралық Anonymous хаккерлер тобы Twitter әлеуметтік желісінде Синдзо Абэнің сайтына шабуыл жасағандары туралы жазған. Anonymous хакерлік қоғамдастығы 2004 жылы пайда болды. Олардың мақсаты әлеуметтік желідегі цензураға қарсы шығу. Ал жапондық премьердің сайтына неге шабуыл жасағаны әлі белгілісіз. Қазіргі уақытта Синдзо Абэнің сайты ішінара қалпына келтіріліп жатыр. "Шынында да, қазірге дейін Синдзо Абэнің жеке сайтына кіруге шектеу қойылған. Алайда, біз бұл іс Anonymous тобының ісі ме, жоқ па оны айта алмаймыз",- деді Ё.Суга. Фото:cntv.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024