Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – 510 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр, - деп мәлімдеді Қазақстанның вице-премьері Жеңіс Қасымбек.
«Бүгінде әкімдіктерде тұрғын үй алу үшін 512 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Бірыңғай есепке алу бойынша тапсырманың аясында кезектегілердің бірыңғай республикалық базасы енгізілетін болады», - деді ол 3 қыркүйекте Үкімет отырысында.
Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қандай тәртіппен тұрғын үй берілетінін түсіндірді.
«Ең алдымен көп балалы отбасыларды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Бұл үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет үш жыл ішінде 30 мың пәтер бөлу үшін шаралар қабылдайтын болады. Екіншіден, жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы 3,7 мың кезекте тұрғандарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 32,8 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған», - деді Жеңіс Қасымбек.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үш жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасыларға қарыз алу үшін 50 млрд теңгеден бөлінеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын 10 мың пәтер беру үшін шаралар қабылданады», - деп толықтырды вице-премьер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024