Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жартыжылда мемлекеттік бюджетке 5 трлн теңге түсті

Жартыжылда мемлекеттік бюджетке 5 трлн теңге түсті

Яғни жалпы кіріс 5 трлн теңгені құрады. Оның 3,2 трлн теңгесі - салық түсімі.

Салықтың түсімі өткен кезеңнің жоспарын 120,2 млрд теңге асыра орындады.

2017 жылы бюджетке 6,7 трлн теңге салық жинау жоспарланып отыр. Жалпы салықтың 2,2 трлн теңге мөлшері табыс салығы, қосылған құн салығы және әлеуметтік салықтан түскен.

Осы кезеңде қосылған құн салығы қазынаны 761 млрд теңгемен толықтырды (+11 пайыз).

Мемлекеттік қазынаға түскен қаржының 60 пайызы 5 аймаққа тиесілі:

  • Алматы - 823,8 млрд теңге;
  • Атырау облысы - 447,7 млрд теңге;
  • Астана - 440,7 млрд теңге;
  • Ақтөбе облысы - 164,7 млрд теңге;
  • Қарағанды облысы - 162,4 млрд теңге.
 

Похожие материалы