«Самұрық-Қазына» АҚ 1 қаңтардан бастап 2022 жылға арналған «Жас Өркен» бағдарламасына қатысушыларды қабылдау туралы хабарлайды.
Оған 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ 2022 жылғы 1 тамызға дейін диплом алатын студенттер қатысуға өз өтінімдерін бере алады.
«Жас Өркен» – талантты жастарды іріктеу, ынталандыру және дамыту бағдарламасы, жобаға қатысушылар болашақта Қор тобы компанияларына топ-менеджерлер мен басшылар болуы мүмкін. Бағдарлама 2017 жылы басталды. Оның шеңберінде жас мамандар 2 жыл ішінде Қазақстанның жетекші компанияларында қарқынды оқудан және 5 айдан 4 ротациядан өтуі, «hard» және «soft» дағдыларын дамытуы, «Самұрық-Қазына» тобының үздік тәлімгерлерінің басшылығымен кәсіби тәжірибе жинақтауы және нәтижесінде ұлттық компанияларда жұмысқа орналасуы тиіс.
2022 жылы қатысушыларды қабылдау төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
* телекоммуникация саласында, мұнай-газ саласында, жылу және электр энергетикасында, теміржол көлігі, авиатасымалдау, атом өнеркәсібі, тау-кен өндіру саласы, металлургия, химия өндірісі және мұнай-химия саласында инженерлік мамандықтар;
* ESG: тұрақты даму бойынша, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, тәуекелдерді басқару, персоналды басқару саласындағы мамандар;
* IT-мамандар: деректерді талдаушылар, бизнес-талдаушылар, әзірлеушілер;
* қаржылық және инвестициялық талдаушылар.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 80-нен астам портфельдік компания мен 200-ден астам тәлімгер жұмылдырылды. 2021 жылы ротациядан өту кезінде «Жас Өркен» жас мамандары компаниялар тобындағы ең өзекті жобаларды іске асыруға қатысты. Мысалы телекоммуникация индустриясы мен өндірістегі big data жобалары, өндірістік кәсіпорындарда, логистика мен авиацияда оңтайландыру жобалары, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ «ABAI» ақпараттық жүйесі, COVID-19 бойынша деректерді өңдеу және визуалдау саласы.«Жас Өркен» бағдарламасының операторы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті болып табылады. 2021 жылы 2019 жылғы барлық түлектер жұмысқа орналастырылды. 2020 жылдан бағдарламаға қатысушылар оқудан өтіп, топ компанияларында үшінші ротацияны аяқтады және жұмыс туралы ұсыныстарға 2022 жылы ие болады.
Жобаға қатысуға өтінімдер 1 қаңтардан бастап «Жас Өркен» бағдарламасының сайтында қабылданады: https://www.zhasorken.skcu.kz/index
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024