Қазақстан. 7 маусым. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жастар әскерде борышын өтеуі керек деп санайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Журналистер ҚР Премьер-Министрінің орынбасарынан қазақстандық әскер қатарындағы бірқатар қайғылы оқиғаларға байланысты пікірін сұрап, әскери қызметке жедел шақырудан бас тартып, тек келісімшарттық негізде қызметке қабылдау уақыты келді ме деп сұрады.
«Менің ойымша, әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери борышын өтеуі керек. Тағы бір мәселе, барлық мүдделі мемлекеттік органдар, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы жігіттердің барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ ол жыл сайын әскерге 35 мың бала жіберілетінін атап өтті.
Айта кетейік, 4 маусымда таңертең Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы шекара заставасының дәретханасынан әскерге шақырылған сарбаз Еділ Тешебаев асылып қалған күйінде табылды. ҰҚК өз-өзіне қол жұмсаудың алдын ала себебі оның әскери қызметіне байланысты емес, отбасылық және тұрмыстық проблемаларымен байланысты болғанын хабарлады. Алайда Еділдің туыстары бұған сенбейді.
Туыстарының айтуынша, жігіт қайтыс боларынан алдын оған ақша жіберуді сұраған. Ал Еділдің ағасының айтуынша, ол телефон арқылы сөйлескенде шошып тұрған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024