Алматы. 24 - қаңтар. 7kun.kz – Осы аптада екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдай бастады, деп хабарлады 24 kz.
Бұл мақсатқа Үкімет биыл 8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Бұған дейін екі траншпен бөлінген 26 млрд теңге қаражат толық игерілген.
«Бұл бағдарлама мемлекет пен банк жүйесінің және нақты жеке кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нығайтты», - дейді сала мамандары.
Жалпы 2017 жылы отандық автоөндіріс саласы үшін табысты жыл болды. Елімізде құрастырылған 19 мыңнан астап автокөлік сатылған. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 54 пайызға артық. Мамандар 2018 жылы да көлік сатылымы кемінде 25 пайызға ұлғаяды, деп болжап отыр.
"2018 жылы отандық автоөндірісте өркендеу болады деп сенеміз. Яғни, сатылым көлемінің артуына экономикалық негіз бар. Ол, ең алдымен, макроэкономикалық тұрақтылық. Сондықтан Қазақстанда құрастырылған танымал брендтердің сатылымы 60 мыңға жуықтауы мүмкін" - дейді «КазАвтоПром» одағы басқармасының төрағасы Олег Алферов.
Қания Табыс