Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Жеке кәсіпкерлер үшін бірыңғай төлем енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1 қаңтардан бастап елде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілді.
«Бірыңғай төлем бұрын қолданыста болған 34%-дан еңбекақы төлеу қорына жиынтық жүктемені төмендету және төлеушілердің тек өзінің жалдамалы жұмыскерлері үшін жеке табыс салығын және белгіленген мөлшерлемелерден төмен жұмыскерлердің табысынан есептелетін міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеуі мақсатында енгізілді: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20%; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5%; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8%; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8%;2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8%; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3%.
Бірыңғай төлем мыналарды қамтиды:
- жеке табыс салығы;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар;
-Жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары (2024 жылдан бастап енеді)», – делінген хабарламада.
Жеке кәсіпкерлер бірыңғай төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей төлеуге тиіс.
«Бірыңғай төлемді төлеуші екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» банк шотына бірыңғай аударылатын айды көрсете отырып, қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді», – деп хабарлады министрлікте.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024