Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.
Бағдарламада жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін теңгемен алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық бнкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша қайта қаржыландыру көзделеді. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық банктің қаражаты есебінен 150 млрд теңгеден астам бөлінді. Өз кезегінде, банктер қарыздарды қайта қаржыландырған кезде 136 млрд теңгеден астам сомаға сыйақы, өсімпұл (тұрақсыздық айыбы), комиссиялар бойынша қарыз алушылардың берешегін кешіретін болады.
«Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады. 2016 жылы 1 қаңтарда шетел валютасында табысы жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздарды беруге тыйым салынғанын ескерсек, бағдарламаны жүзеге асыру банктердің портфельдеріндегі шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарды жоққа шығарады және халық үшін келешекте валюталық тәуекелді болдырмайды», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024