Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - 2016 жылы жекеменшік жоғары оқу орынарының табысы 11,8 млрд теңгеден (2015) 2,4 млрд теңгеге дейін түсіп кетті. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Сарапатама агенттігінің айтуынша, жалпы ұлттық жоғарғы білім жүйесіне де сұраныс азайып, кірісі төмендеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, жоғарғы білім саласындағы көрсетілетін қызмет 8,5 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 есе аз (19,9 млрд теңге).
Ал 2015 жылы қазақстандық ЖОО таза табысы 2014 жылмен салыстырғанда үш есеге өскен болатын.
5 жыл ішіндегі ең жоғарғы түсім деңгейі 2015 жылы тіркелді.
Әсіресе 2014-2015 жылдардағы өсу драйверлері болған жекеменшік ЖОО кірісі қарқынды түрде қысқарып жатыр.
2016 жылы олардың кірісі 5 есе азайды, қаржы көлемі 11,8 млрд теңгеден 2,4 млрд теңгеге түсіп кетті.
Мемлекеттік университеттер мен акадеиялардың да кірісі азайды - бір жылда 26,5 пайызға кеміді (2,1 млрд теңге).
Кірістің кенет төмендеуі халықтың нақты пайдасының азаюымен тікелей байланысты.
Айта кетейік, ҚР-да соңғы 5 жылда ЖОО саны мен студенттер саны кеміп жатыр.
2011-2016 жылдар аралығында Қазақстанда жылына 4 ЖОО-на кеміп отырған. Ал студенттердің саны жыл сайын орта есеппен 32,2 мың адамға азайған.
Ал 2017 жылы мемлекетте екі ЖОО-ның кемігеніне қарамастан, студенттердің саны 17,7 мың адамға артты.