Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Биылғы жылдың бірінші жартысында жекешелендіру жоспарына іліккен 887 нысанның 502-і сатылымға шықты. Оның 421 216 млрд теңгеге сатылды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
266 нысан қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. Осылайша, сатылғандар мен қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді қоса есептегенде, Жекешелендірудің кешенді жоспары 77,4%-ға орындалған.
Оның айтуынша инвестициялар және даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктері сатуға шығару үшін қажетті шараларды және жекешелендіру жөніндегі комиссия қабылдаған ұсынымдарды орындамай отыр. Соның салдарынан ағымдағы жылы осы республикалық маңызы бар, 4 объектінің сатылмай қалу қаупі бар.
Жалпы, жекешелендіру процесі аталған кемшіліктерге қарамастан сату кестелеріне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 87 объекті сауда-саттыққа шығарылады, оның ішінде республикалық меншіктегі 20 объекті; коммуналдық меншіктегі 31 объекті және квазимемлекеттік сектордағы 36 актив.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024