Apple қыркүйекте iPhone-ның төрт жаңа моделін ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дереккөздердердің мәліметінше, Apple осы қыркүйекте төрт жаңа iPhone моделін шығаруды жоспарлап отыр. Олар: 6,1 дюймдік iPhone 14, 6,7 дюймдік iPhone 14 Max, 6,1 дюймдік Phone14 Pro және 6,7 дюймдік iPhone 14 Pro Max
Ixbt.com 6,1 дюймдік iPhone 14 Pro-ның сапалы суреттерін жариялады. Мұнда алдыңғы iPhone нұсқасымен салыстырғанда камера мен Face ID сенсорлары орналасқан жердің өзгергені байқалады.
Желіде тараған нұсқалардың бірі бойынша, смартфонға 48 мегапиксельді жаңа сенсор орнатылады. Ол негізгі 12 мегапиксельді камераны ауыстырады және 8K сапамен видео түсіруге мүмкіндік береді.
Жаңа iPhone 14 Pro мен iPhone 14 ProMax бір кристалды Apple A16 Bionic жүйесімен және кез келген басқа iPhone модельдерімен салыстырғанда көлемі үлкен жедел жадымен жабдықталған болуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024