Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда көтерме сауда көлемі 26,1 трлн теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,2%-ға өсті. Оның 21,7%-ы немесе 5,7 трлн теңгесі азық-түлік тауарларына, ал 78,3%-ы немесе 20,5 трлн теңгесі тиісінше азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларға тиесілі. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.
Жалпы, жыл бойы көтерме сауда дүкендерінде өткізудің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жаңа жыл қарсаңында байқалды: 3,7 трлн теңге. Нақты өсім 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ды, ал өткен аймен салыстырғанда бірден 51%-ды құрады.
Айта кету керек, 2019 жылы Қазақстандағы салықтық амнистияға қатысушылардың 75%-ы - көтерме және бөлшек саудадағы жұмысшылар. Көтерме және бөлшек сауда саласында салықтық рақымшылық жасауға қатысушылардың жалпы саны 33,1 мың салық төлеушіні құрады. Жалпы, Қазақстанда 2019 жылы жүргізілген салықтық рақымшылық жасауға 44,4 мың шағын және орта бизнес субъектілері қатысты. Науқан қорытындысы бойынша 6,5 млрд теңге өсім мен айыппұл есептен шығарылды.
Ең көп көтерме саудамен шағын кәсіпорындар айналысты: 21,9 трлн теңге немесе көтерме сауданың жалпы сомасының 83,7%-ы. Сонымен қатар, орта және ірі кәсіпорындардағы көтерме сауда 3,3 трлн және 937,4 млрд теңгені немесе тиісінше 12,8% және 3,5% құрады.
Өңірлік тұрғыда көтерме сауданың ең үлкен көлемі Алматыда байқалады: 12,2 трлн теңге - 2018 жылғы тиісті кезеңнен 1,6% -ға көп.
Өңірлердің үздік үштігіне сондай-ақ Нұр-Сұлтан (3,3 трлн теңге немесе ҚР 12,8%) және Атырау облысы (2,9 трлн теңге немесе 11,1%) кірді. Бұл үш өңір елдегі көтерме сауда көлемінің 70,5%-ын шоғырландырады. Қарағанды және Ақтөбе облыстары ТОП-5 аймақ қатарында: тиісінше 1,2 трлн және 1,1 трлн теңге.
Бұл ретте көтерме сауданың едәуір өсуі Атырау (НКИ — 145,8%), Қарағанды (НКИ — 123,2%) және Ақмола (НКИ — 118,6%) облыстарында тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024