Қоғамды құртатын, дамуды кері тартатын, болашаққа балта шабатын кесел. Онымен күрес - баршаға міндет. Қоғамның әр саласында азаматтар жемқорлыққа қарсы тұруы керек.
Дүниежүзілік банктің дерегінше әлемде бір жылдағы параның көлемі - 1 трлн доллар екен. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша бір жылдағы ұрланған қаржының көлемі 2,6 трлн доллар. Бұлар болжамды сумма ғана. Нақты көлемін ешкім дәл айта алмайды.
1995 жылы құрылған Transparency International халықаралық ұйым бар. Аталған ұйым Мемлекеттік сектордағы жемқорлықты қабылдау индексін анықтайды. Жыл сайын 180 мемлекетте сауалнама жүргізіп, жемқорлықты қабылдау индексін шығарады. 2022 жылы Қазақстан 102 орынға жайғасқан.
Сонымен қатар, әлемде ISO халықаралық стандарттау ұйымы бар. Оған 165 ел мүше. Әлемдік сауда-саттық, тауаралмасу, қарым-қатынас осы стандарттарға негізделген. Соның бір тармағы - ISO 37001. Ұйым 2016 жылы осы стандартты жариялады. Ол - басқару жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы талаптар стандарты. Мұны мемлекеттік және жеке ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, түрлі компаниялар қолданады.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы да осы стандарт аясында түрлі семинарлар, дәрістер өткізеді. Алматы филиалының қызметкерлері ISO 37001 стандарты бойынша арнайы оқу өткізіп, оны филиал басшысы Бидайбеков Айбол Жасымұлы мен инженер Садыгулов Ескендір өткізді. Алдын ала әзірленген презентация бойынша жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, ашықтық саясаты айтылды. Әр қызметкердің міндеттері мен жауапкершілігі де түсіндірілді.