Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеңілдетілген автонесие беру басталды

Жеңілдетілген автонесие беру басталды

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру басталды. Бағдарлама бойынша кез келген қазақстандық 4%-бен несиеге көлік ала алады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жеңілдетілген автонесиеге 10 миллион теңгеден аспайтын көлік алуға болады. Бастапқы жарнасы 0%-дан басталып, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Ол бір адамға екі жыл ішінде екі рет берілмейді.

Бұл бағдарламаға мемлекеттен 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Қазір аталған бағдарламаның басталуына орай Нұр-Сұлтан қаласының автокөлік салондарында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекіткен болатын. Ал өткен аптада ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр 16 мамырда банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдау басталатынын хабарлады.

Похожие материалы