Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокөлік несиесі жаңа схема бойынша берілетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Енді қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алдымен өнеркәсіпті дамыту қорына барады. Сол жерде электронды тізім жасақталады. Тек содан кейін ғана автосалон мен банктерге бару қажет.
Министрдің айтуынша, бұл жүйе автосалондар көліктерді уақытылы жеткізу мақсатында іске қосылмақ.
«Қолжетімді көліктермен қамту үшін осындай жүйені ұсынып отырмыз. Ағымдағы айдың аяғына дейін бағдарламаны іске қосу жоспарда бар. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өтікізіп, егжей-тегжейін айтады», – деді Қарабаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024