Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Жеңілдетілген автонесиенің электронды кезегі 6 ақпанда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жеңілдетілген автонесиеге арналған электронды кезек үшін арнайы autonesie.kz сайты әзірленді. Портал алдымен пилоттық жоба ретінде сынап көріледі.
Өтінімдерді қабылдау 6 ақпан күні сағат 10:00-де autonesie.kz ресми сайтында басталады. Өтінім беру үшін өтініш берушінің компьютері, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭСҚ), интернет болуы, сондай-ақ автокөлік өндірушілерін алдын ала анықтау қажет. Платформаға Қазақстан аумағынан ғана тіркелу мүмкін болады.
Компьютерге NCALayer бағдарламасын ортанып алған жөн. Себебі электронды цифрлық қолтаңбаны қою керек болады. Сайтта өтінішті орындау барысын бақылап отыруға болады.
Индустрияны дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаровтың айтуынша, егер өтініш беруші бағдарлама бойынша автокөлікті несиеге алып үлгерсе және платформада актуалды өтінімі болса, ол қабылданбайды.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:
- қаржыландыру көлемі – 10 млн теңгеден аспайды;
- қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- бастапқы жарна – 0 пайыздан;
- 1 автокөліктің құны – 15 млн теңгеден аспайды.
«Қазіргі кезде револьверлік қаржының көлемі 7,6 миллиард теңгені құрап отыр. Ал несиенің шекті көлемі 10 миллион теңге. Сондықтан платформа қосылғанда 760 адам тіркеле алады. Адам саны соған жақындаған кезде платформа автоматты түрде жабылады және өтінім қабылдамайды», - деді Ғалымжан Әди.
Оның айтуынша, ақпанда тіркелуге үлгермеген адамдар келесі айда өтініш жібере алады.
«Келесі айда қайтарылған ақшаның көлемі, шамамен, 100 адамға жетеді. Сондықтан платформа ай сайын ашылған кезде 100-ден астам орын болады», – деді Ғалымжа Әди.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024