Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – FlyArystan лоукостерінің билеттері қазіргі нарықтан 2,5 есе арзан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Мен бір апта бұрын бақылау жасадым. Жалпы санның тек 2% - ы ғана басқа бағамен сатып алған. Негізінен бұл компания мәлімдеген баға болды. Мысалы, Орал бағытында билеттердің құны 12-13 мың теңгені, Таразға – 6 900 теңгені құрайды. Билеттердің басым бөлігі нарыққа қарағанда 2,5 есе арзан», - деді вице-премьер.
Оның айтуынша, билет бағасы бірқатар факторларға байланысты қымбаттауы мүмкін. Оның ішінде багажды алып жүру, тамақтану және орынды таңдау тарифінің енгізілуі бар.
«Біреу багажбен ұшады, енді бірі барлық билеттер сатылғаннан кейін сатып алады, және т.б. Бұл динамикалық жүйе, мысалы, багажсыз болса, 5 кг жүкті тасымалдауға рұқсат етілген. Бірақ бағасы 20 немесе 30 кг жүкті алып жүрсеңіз, онда баға да өзгереді», – деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары лоукастрді Air Astana әуе компаниясы құрғанымен, егер BEK AIR және SCAT компаниялары да қатысқысы келетін болса, ешқандай қарсылық болмайтынын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024