Жер сілкінісінде Алматыдағы тұрғын үйлердің 30%-на дейін қирауы мүмкін – вице-министр
Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Алматыдағы тұрғын үйлердің үштен бірі 9 балдық жер сілкінісі кезінде қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев айтты, , деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаланың ең қауіпсіз аймағы – Түрксіб ауданы. Ал қауіп жоғары аудандар – Медеу және Бостандық.
Оның айтуынша, 9 және одан да көп балдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30%-ы зардап шегеді. Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері - қаланың таулы аймақтары.
«Қатты зілзала болған жағдайда шаһардың 60-70%-ы қирайды дегенге келіспеймін. Болжамды мәліметтерге сүйенсек, 9 және одан да жоғары балдық жер сілкінісі болған кезде тұрғын үйлердің 30%-на дейін қирауы мүмкін», – деді вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024