«Жібек жолы» кемесімен астықты Бердянсктан Түркияға тасымалдау Украинаның өтініші бойынша жүзеге асырылуда – ҚТЖ
Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – «Жібек жолы» кемесімен Бердянск қаласынан Түркияға астық тасымалдау Украинаның тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеменің келуі 2022 жылдың 1 шілдесі). Сонымен қатар астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынына сенімді», – делінген ҚТЖ хабарламасында.
«KTZ Express» АҚ 2021 жылғы 26 қазанда «KTZ Express Shipping» ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын түсіндіреді, оның ішінде келесі шарттарда:
- дедвейті 7000 тонна «ЖІБЕК ЖОЛЫ» кемесі үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз берілді (2016 жылы Невский кеме жасау және жөндеу зауытынан сатып алынды);
- 2022 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды;
- халықаралық тәжірибеге сәйкес санкциялық тармақ бар: «Green Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім-шарт жасасқан күні және әрекет ету мерзімі ішінде оларға ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік береді. Әйтпесе, кеме иесі келісім-шарттарды дереу бұзуға құқылы.
ҚТЖ жалға алушы кеме иесімен жүк түрі мен оны тасымалдау бағыттарын келіспейтінін түсіндірді.
«Green-Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Айта кетейік, бұған дейін «Жібек жолы» кемесі басып алынған Украина портынан 7 мың тонна астықты заңсыз экспорттағаны белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024