
Астана. 21 қараша. 7kun.kz – ҚР президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев Еxit-poll қорытындысы белгілі болғаннан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды 7kun.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Қазақстан халқы өз таңдауын жасағанын атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ өзіне дауыс берген азаматтарға ризашылық білдірді.
«Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Ол ел мүддесіне жұмыс істейді деп сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына табыстар тілеймін», – деді Жигули Дайрабаев.
https://www.youtube.com/watch?v=JI3KJdz1TLo