Ресейлік саясаткер, ЛДПР партиясының бұрынғы жетекшісі, қайтыс болған Владимир Жириновскийдің ұлы, РФ Мемдумасының бұрынғы вице-спикері Игорь Лебедев аты мен тегін өзгертіп жіберді.
Бұл туралы Телеграмдағы Baza және Жаба и гадюка арналары хабарлады. Кей дерек бойынша ол Давид Гарсия деген атпен испан төлқұжатын алған.
Бір болжамға сенсек, бірнеше жыл бұрын әкесі мен ұлының қарым-қатынасы нашарлап кеткен. Жириновскийдің ұлы әкесінің саяси көзқарасымен келіспей, саясаттан кететінін және басқа ел азаматтығын алатынын мәлімдеген көрінеді.
Екінші болжам бойынша, ол 2014 жылы Қырымға байланысты ЕО-ның санкция тізіміне іліккеннен кейін азаматтығын, тегін өзгертуді ойластырған.
Игорь Лебедевтің Испанияда бизнесі және үй-жайы бар. Алайда мамандар Жириновскийдің ұлы мұндай қулықпен санкция құрығынан сытылып кете алмайды деп санайды. Әкесінен бас тартқаны аз, енді кемінде бет-әлпеті мен саусақ таңбасын өзгертуі керек болады дейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024