Киев. 23 тамыз 7kun.kz - Украинаның бас прокуратурасы Владимир Жириновскийді терроризмді қаржыландырды деп айыптап отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратураның мәліметінше, Жириновский 2014 жылдың наурыз-сәуірінде өз егемендігін өздері жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаттарын басқарған. Олар материалдық көмек көрсету үшін ақша жинаумен айналысқан
"Осы қылмыстық әрекеттер дерегі бойынша (...) Украинаның бас прокуратурасы Украинаның Қылмыстық кодексінің 27-бабының 3-бөлігіне, 258-баптың 3-бөлігіне (Терроризмді қаржыландыру) сүйене отырып, Владимир Жириновский қылмыс жасады деген күдік келтірді", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тергеу осы қылмысқа қатысты бар адамдарды анықтауға және оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты шараларды қолданып жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024