"Маша мен Аю" мультсериалының түсірілімдері тоқтамайды. "Анимаккорд" студиясы жобаның 52-сериясының жұмыстарын бастағандықтарын айтады. Әзірге ол тоқтап тұр. Десе де, түсірілім жалғасын табады дейді олар.
"Біз екінші кезеңнің соңғы сериясын шығардық. Бірақ, кейбір БАҚ өкілдері жоба жабылады деп жазып жатыр. Бұл олай емес. Студия қаражатын есептеп, келесі үшінші кезеңге толықтай жете ме, соны анықтап жатырмыз", - деп түсіндірді "Анимаккорд" баспасөз қызметінің төрағасы Звезда телеарнасына.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін "Маша мен Аю" анимациялық сериалы түсірілімдерін тоқтатады деген хабар шыққан еді. Оған себеп - жобаның продюсері Дмитрий Ловейконың сөзі.
"Рейтингке қарамастан, үшінші маусымды түсіреміз бе, жоқ па белгісіз. Қаражат жете ме, ойластырып жатырмыз", - дейді Дмитрий Ловейко.
Мультсериал 2009 жылдың қашара айыда жарыққа шыққан. Бір сериясының ұзақтығы 6-7 минут. Ол бірнеше халықаралық жүлделер иеленіп үлгерген. Соның ішінде, 2015 жылдың үздік мультсериалы деген аталыммен "Икар" сыйлығын ұтып алған.