Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — "Жолаушылар тасымалы" компаниясы билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңгені ұстап қалу туралы іс бойынша сотта жеңілді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің ақпараты бойынша, компанияның төлеуі тиіс айыппұл сомасы - 856 млн теңге.
"Билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңгені негізсіз шегерілуіне байланысты сот "Жолаушылар тасымалы" компаниясын үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды", – деді комитетте.
Сондай-ақ, комитеттің хабарлауынша, 2019 жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган компанияға бұзушылық белгілерінің бар екендігі және тергеу басталғанға дейін оларды жою мүмкіндігі туралы хабарлама жіберген. Алайда, «Жолаушылар тасымалы» заңда қарастырылған бұл құқықты пайдалана алмады, нәтижесінде соттан жеңіліс тапты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024