Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сәрсенбіде «Банк РБК» АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алу мерзімін ұзартты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктіге бірнеше миллиардты ұрлады деген айып тағылды.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ертаевқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үш айға дейін, яғни 15 маусымға дейін ұзарту туралы қаулы шығарды», - делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың наурыз айында Ж. Ертаевқа қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 2011-2017 жылдар аралығында «Банк РБК» АҚ-нан 144 млрд теңге ұрлауды ұйымдастыруға күдікті ретінде халықаралық іздестіру жарияланды.
Ол Ресейде ұсталып, ағымдағы жылдың 15 наурызында Қазақстанға экстрадицияланды.
Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Оның ішінде 41 топ-менеджерлер мен банктің қатардағы қызметкерлері – банктің бұрын экстрадицияланған акционері Бахыт Ибрагим, И. Мажинов, Д. Туғанбай, Д. Едігенев, А. Мамырбеков, Т. Шәріпов және басқалары бар.
Тергеу барысында қабылданған шаралармен 15 млрд теңге өтелді және 48 млрд теңгеге мүлік тұтқындалды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта арнайы прокурорлармен іс бойынша тергеу аяқталды, процеске қатысушылар материалдармен танысады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024