Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Модернизациялауға, сондай-ақ Қазақстандағы жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұлттық дерекқорды қолдауға шамамен 4,5 миллиард теңге бөлінеді.
Өткен екі жылда бұл шараларға 3,6 млрд теңге жұмсалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобасына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді қаржыландыру 2021 жылға дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте 2019 жылы 4,5 млрд теңгенің - 1,2 млрд теңгесі, 2020 жылы - 1,7 млрд теңгесі, 2021 жылы -1,6 млрд теңгесі қарастырылған. 2017 және 2018 жылдары жоба тиісінше 2,2 млрд теңгеге және 1,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды.
ЕХӘҚМ-де жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірыңғай деректер базасын жүргізумен қатар, кедейлік туралы ақпарат өңделетінін атап өтті. Сондай-ақ жұмысқа орналасу қиын азаматтарға жұмыс іздеуге жәрдем көрсетіледі.
Жоба есебінен 2019 жылы жұмыссыздардың 86%-ы, ал 2021 жылы – 87%-ы қамтылады деп болжанған. Өнімсіз-өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 67%-ын 2021 жылға қарай қамту жоспарланып отыр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024