Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Журналистер күні қарсаңында Алматы, Талдықорған журналистері арасында боулингтен жарыс өтті

Журналистер күні қарсаңында Алматы, Талдықорған журналистері арасында боулингтен жарыс өтті

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz - Журналистер күні қарсаңында Сорос-Қазақстан қоры, «Amanat» сақтандыру компаниясы мен 7kun.kz сайты Алматы қаласы мен Алматы облысының журналистерін мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара Сорос-Қазақстан қоры жайған дастарханнан басталды. Қор басшылары мен қамқоршылар кеңесінің мүшелері соңғы өзгерістері туралы хабарлап, бағдарламалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ журналистерді алдағы мерекемен құттықтады.

«Сіздермен журналистер күні қарсаңында қауышып, қор атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтау мүмкіндігінің туғанына куаныштымын. Келесі жылы біз Сорос-Қазақстан қорының 25-жылдығын тойлаймыз. Біз үшін журналистердің біліктілігін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы уақыт аралығында Қор гранттарының арқасында халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіби және тәуелсіз журналистердің бірнеше буыны қалыптасты. Біз сіздердің ұсыныстарыңызға әрқашан ашықпыз. Шынайы жаңалық жаршысы болып жүре беріңіздер, қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз өткір болсын!», - деді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова.

Сондай-ақ, дастархан барысында журналистер де ыстық тілектерін арнады.

Құттықтау «Бастау» боулинг орталығындағы жолдастық кездесуге  ұласты. 7 команда, барлығы 42 журналист қатысқан жарыста  10 адам үздік шықты. Оларға «Amanat» сақтандыру компаниясының ақшалай жүлдесі мен Сорос-Қазақстан қорының арнайы кітапшасы тапсырылды.

«Елдің ел екенінің, өркениетті мемлекет екенінің басты белгілерінің бірі – журналистиканың үздіксіз дамуы. Ашықтықты, әділдікті ұстанатын, сапалы қызмет ұсынатын ұйым ретінде Amanat сақтандыру компаниясы медианың айқындыққа үндейтін қағидаларын құрметтейді. Сондықтан, қоғамдағы асырып айтатын жайттарды асырып, ашып айтатын мәселелерді ашып айтатын журналистерді құттықтап, төл мерекелерінде бірге болғанымызға қуанамыз», -дейді «Amanat» сақтандыру компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Дінмұхамед Зиядин.


Журналист Бауыржан Карипов пен
«Amanat» сақтандыру компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Дінмұхамед Зиядин

Алматы мен Талдықорған қаласындағы БАҚ өкілдері мерекелік шаралар кезінде бас қосып, өзара спорттық ойындар өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұған дейін Алматы, Талдықорған қалаларында боулинг, бамперболдан жолдастық кездесу өткізген еді.


7kun.kz жобасының жетекшісі Ербол Азанбек

«Журналистер күні қарсаңында Сорос-Қазақстан қоры, «Amanat» сақтандыру компаниясымен бірге әріптестеріміздің боулинг залында кездесуін өткізгенді жөн көрдік. Әріптестерімізді төл мерекесімен құттықтаймыз»,-дейді 7kun.kz жобасының жетекшісі Ербол Азанбек.


Сорос-Қазақстан қоры, «Amanat» сақтандыру компаниясы мен 7kun.kz сайтының өкілдері

Жеңімпаздарды марапаттау

Ойын жеңімпаздары


Суреттерді түсірген Мақсат Құсайынов

Похожие материалы