«Нұр Отан» партиясы жыл сайын дәстүрлі түрде журналистер арасында өтетін республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының басталғандығын хабарлайды.
«Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға үндейтін ел аумағындағы барлық журналистерге арналып өткізілетін ашық байқау.
Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының қызметін жария ету.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 12 маусымы (алынатын күн). Жеңімпаздар Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында елордамыз – Астана қаласында марапатталады.
Биыл сыйақы тізбегіне радиожурналистер мен жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген тілшілер үшін жаңа номинация қосылып отыр.
Осылайша, жеңімпаздар 9 номинацияда анықталатын болады:
1) «Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист
2) «Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі
3) «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі
4) «Көзқарас» – Ең үздік блогер
5) «Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент
6) «Қоғам үні» – Ең үздік радио журналисі
7) «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»
8) «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»
9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін».
Айта кетейік, былтыр «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын. Оның мақсаты – бүкіл қоғамда коррупцияның кез келген көрінісіне төзімсіздік ортасын қалыптастыру арқылы халықты жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Байқау шарттарымен мына жерде танысуға болады.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024