Алматы. 11 қазан. 7kun.kz — 2017 жылдың 3 қазанында ҚР-ның Әділет министрлігі ресми түрде «Қазақстан Медиа Альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігін тіркеді.
Қоғамдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрамында Қазақстанның бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының, PR-құрылымдарының, танымал журналистер мен блогерлер, БАҚ өкілдері, жарнама және баспа ісінің жетекшілері болды.
Бірлестіктің негізгі мақсаты - ашық демократиялық қоғамның құндылығы ретінде сөз бостандығын дамыту мен ақпарат беру, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, БАҚ-тың тәуелсіз болуына қолдау көрсету, жоғары сапалы журналистиканың мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық бірлестіктің маңызды қызметтерінің бірі - әлемдік медиакеңістікте қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын халықаралық медиа-форумдарға, конференцияларға, фестивальдерге қатыстыру арқылы журналистер мен баспагерлерді таныстыру және насихаттау.
Ал күнделікті жұмысының негізгі бағыттарына қоғамдастық мүшелерінің шығармашылық қызметіне, кәсіптік даулар мен қақтығыстарды соттан тыс шешуге көмектесу, жас журналистердің кәсіби білім жүйесін, олардың біліктілігін арттыру кіреді.
Қазіргі уақыттан бастап "Қазақстан Медиа Альянсы" мүшелері республикалық, журналистердің аймақтық бірлестіктері, баспагерлер, осымен байланысты саладағы өкілдері бола алады. Сондай-ақ, жекелеген тәртіпте журналистер, блогерлер және өздерін кәсіби медиа қауымдастықтың өкілдері деп санайтындар мүшелікке кіре алады.
2017 жылы 25 қазанда Астанада "Қазақстан Медиа Альянсының" құрылтай съезі өтеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024