Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталғаны белгілі. Бір сөзбен айтқанда, «100 нақты қадам» – бұл бір жағынан жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болса, екінші жағынан жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына ұмтылу жоспары болып табылады.
Жақында жауапты орган басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысымен таныстырды. Онда ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев осы күнге дейін 50 қадамның орындалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлт жоспарын заңмен қамтамасыз ету үшін 66 заң қабылданған. Жыл соңына дейін Парламентке тағы 8 заң жобасы түседі екен. «Ұлттық комиссия «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Қазіргі таңда комиссия 5 бағыт бойынша әрбір қадамның нақты іске асу барысын мұқият қадағалап отыр. Осыған дейін 50 қадам орындалды. Қалған 50 қадам орындалу үстінде»,- деді Премьер-министр. «100 қадамның» әр қадамы түрлі мәселеге арналған. Атап айтқанда, бүгінде «100 қадамның» 85, 86, 87 қадамдар орындалды. Ал оларға жеке тоқталатын болсақ, 85 қадамда тілге тиек етілген «Мәңгілік ел» патриоттық актісін Қазақстан халқы ассамблеясы әзірлеп, бекіткен болатын. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 85-қадамында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін бекіту туралы міндет қойылған еді. Қадам орындалып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мақсаты мен миссиясы айқындалды. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы заңнамалық деңгейде жұмысқа кірісіп кеткеніне екі жылдың жүзі. Ал 86 қадамдағы – «Қазақстан халқы ассамблеясы: Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы да көпшіліктің көңілінен шығуда. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін сақтау. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды Елбасы Н.Назарбавтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында туризм саласын дамыту тетігі де қарастырылғаны белгілі. Бұл тұрғыда ҚР Мәдениет және спор министрлігі бірқатар жобаларды қолға алып, іске асыруға кірісіп кеткен-ді. Мәселен, министрлік алдағы бес жылда туризм саласы қызметкерлерінің саны 500 мыңнан асады деген ақпаратпен бөліскенде бұл салаға келушілердің қызығушылығын арттырған болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Жаңғыру 3.0 аясында министрліктің алдына қойылған ең маңызды бағыттардың бірі ішкі және сыртқы туризмді дамыту. Бұл бағыт жанармай-энергетикалық, аграрлы-өндірістік кешендердің дамуы, сауда, көлік және индустриализация секілді салалармен қатар экономикалық жаңғыру олимпиалық жолының алты негізгі басымдылықтарына енгізілген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының жобасы жасалды. Құжатта туризм саласындағы кәсіпкерлік пен қызмет көрсету нарығын дамыту, ұлттық кеңсе құру, еліміздің бай тарихи-мәдени мұраларын, бірегей табиғи аймақтарын кеңінен танымал ету, сонымен қатар білім нарығы, медицина, спорт, мәдениет және т.б. салалардағы жетістіктерін әлемге паш ету арқылы әлемдегі Қазақстан туризм нарығын ілгерілету бойынша барлық іс-шаралар толықтай бір-бірімен үйлестірілген. Заң үстемдік етеді «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлігінде қамтылған 19 қадам бойынша атқарылған шаралардың нәтижесі де жаман емес. Мәселен, басқасын былай қойғанда, сот саласына қатысты 10 қадамның барлығы түгел жүзеге асырылды. Тарқата айтар болсақ, сот жүйесі инстанцияларын оӊтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардыӊ есеп беру тәртібін күшейту, судьялардыӊ жаӊа этикалық кодексін қолданысқа енгізу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру жұмыстары және басқа да жағдаяттар бүгінде халықтың көңілінен шығып отыр. Ұлт жоспарындағы 32-қадамда «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде интернет-портал құру қарастырылғаны белгілі. Қазіргі таңда бұл карта жасалып, оған еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде тіркелуде. Сөйтіп ол ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беруде. Яғни қазақстандық азамат картаға өз мекенжайын енгізу арқылы сол радиуста тіркелген қылмыстар жөнінде мағлұматтар ала алады. Деректер сұраныс берушінің электронды поштасына жіберіледі. Осылайша, еліміздегі сот төрелігі мен құқық қорғау саласындағы тәртіп жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысында жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Құжаттағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөлімінде қарастырылған қадамдар бойынша атқарылған шаралар жөнінде айтар болсақ, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, экспорттық және импорттық кеден ресімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, мүлікті және қаржыны заӊдастыру ресімдерін оӊайлату, қолданыстағы заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өӊдеудіӊ орталық желісін құру сынды мәселелердің шешімін табуы көңіл қуантады. Осы арада қолданыстағы салық режімін заман сұранысына сай оӊтайландыру, өӊірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру, өӊдеу өнеркәсібіне еӊ кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту, ет өндірісін, сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту секілді бағыттардың басым бөлігі жүзеге асырылғанын айта кетуіміз керек. Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкестендірілді. Сондай-ақ соңғы деректерге сүйене сөйлесек, еліміздің экспорттық тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған жобаларды түзу жұмыстары қызу қолға алынып отыр. Бүгінде өндіріс бойынша трансұлттық компаниялардың қатысуымен 4 жоба таңдап алынды. Бұл жобалар ет, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, өсімдік шаруашылығы саласында іске асырылуда. Сондай-ақ Ұлт жоспарының 87-қадамы шеңберінде «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасының және 89-қадамдағы «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасының нәтижелері өзінің жоғары деңгейін көрсете білді. Ал Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімінде қамтылған, соның ішінде, әсіресе, мемлекеттік жоспарлаудыӊ ықшам жүйесін құру, аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудыӊ жаӊа жүйесін енгізу, «Ашық үкіметті» енгізу, ақпаратқа қолжетімділік туралы заӊды әзірлеу, орталық мемлекеттік органдардыӊ статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету секілді көптеген бағыт бойынша да тиісті шаралар қолға алынып, олардың басым бөлігі іске асты. Қазіргі таңда «Ашық үкіметтің» мөлдірлігін, мемлекеттік органдардың есеп беруін, қоғамдық бақылаулардың күшеюін, азаматтық қоғамның араласуын қамтамасыз ету өз маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына, сондай-ақ барлық үдерістердің ашық болуына жол ашады. Бүгінде елімізде «Ашық үкімет», «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог» сияқты компоненттердің пайда болуы осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын көрсетеді. Білім мен ғылым саласы қаржыдан қағылмайды «100 нақты қадамда» білім мен ғылым мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. 64-қадамда: «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңды әзірлеу, өндірістегі инновацияларды енгізу бойынша жұмысты қаржыландыру тетіктерін қамтитын. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттіліктері үшін ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымын қайта құру» делінген. «Өздеріңіз білетіндей, біздің ғылымымыздың дамуының басты проблемаларының бірі – төмен қолданбалы табиғат және біздің ғалымдар жасайтын нәтижелердің төмен коммерциялануы. Мәселе соншалықты елеулі, осы орайда жаңа заң әзірленіп, қабылданды. Ол өтінім сатысында ғалымдардың осы жобаны бірлесе қаржыландыратын компания, кәсіпорын, бизнес, университет болуын сұраймыз. Бастапқыда біз осы жобаға мемлекеттің инвестиция салғанға дейін біреуге қажет екенін көргіміз келеді. Бұл жұмыс өте жақсы өтті, біздің ғылыми қоғамдастық, бизнесте жақсы жауап берді », – деді Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев. Бүгінгі таңда 13,7 млрд теңге сомасына 75 жоба іске асырылуда, 525 жұмыс орны ашылды. Бүкіләлемдік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы 110 млн. АҚШ долларын құрайтын, технологияларды коммерцияландыруға және елдің инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Университеттерде 24 коммерцияландыру кеңселері құрылды және жұмыс істейді, коммерцияландыру жобаларының мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін технологиялық брокерлер жиынтығы іске асырылуда. «Бұл қадамды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай бизнестен бірлесіп қаржыландыру үлесі 15% -ға, ЖІӨ-дегі жоғары технологиялық өнімнің үлесі 2,5% -ға дейін ұлғаяды деп күтілуде. 2030 жылға қарай ҒЗТКЖ үлесінің ғылымды қаржыландырудың жалпы көлеміне қатынасы 45% дейін артады», – деді министр.«Жоғары оқу орындарында және университеттерде білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Ағылшын тілінде 10-11 сыныптарда оқуға көшу үшін «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша төрт пән анықталды. Осыған байланысты ағылшын тіліндегі жаратылыстану циклінің пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің дамуы басталды. 2017 жылы 1043 пән мұғалімі сертификат алды, 11 459 мұғалім «Өрлеу», «USTAZ Professional Learning Center», «Назарбаев Университеті» базасында білімін жалғастырады, — деді министр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024