Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Биыл қаңтар айының басынан бері 872,4 мың тонна астық тасымалданды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық, - деп хабарлайды «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Оның 190 мың тоннасы – ұнтақ өнімдер. Экспортқа 134 мың тонна ұн тасымалданған.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сауырбаев жүкжөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету ерекше бақылауда дейді. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау толық көлемде орындалуда.
«Астық пен ұн тасымалы үшін қаңтар әдеттегідей тыныш ай болып саналады, ал тасымалдың жоғары шегі 2018 жылдың қарашасы мен желтоқсанында болды», – дейді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.
Ол сондай-ақ Түркменстан арқылы жаңа бағытты дамытудың маңызын атап кетті.
2018 жылы 11,5 млн тонна астық тиеліпті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 35% асыра орындалған. Соның ішінде экспорт 8,8 млн тоннаны құрапты, бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен 52% артық. 3,5 млн тонна ұнтақ өнім тиеліп, 2017 жыл деңгейінен 3%-ға артқан.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024