Экономика
Жыл басынан бері 57 млрд теңгеге бюджет қаражаты ұрланған – Қаржы мониторингі агенттігі
Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігі ағымдағы жылдың басынан бері бюджет қаражатын ұрлау бойынша 115 іс қозғады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Белгіленген шығын сомасы 57 млрд теңгені құрады, оның 53 млрд теңгесі мүлікке тыйым салу есебінен өтелді", – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Ведомство бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысын шығарды.
Алты айда 789 іс аяқталды. Олар бойынша, мүлікті қамауға алуды есепке ала отырып, 85 миллиард теңге өтелді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 іс қозғалып, 17 іс сотқа жолданды.
Қаржы пирамидаларын анықтау жұмыстары аясында 3 мыңнан астам сайт бұғатталып, 44 іс қозғалды және 6,5 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024