Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері әлеуметтік көмек көрсетуге 3,7 млрд теңге бөлінді

Жыл басынан бері әлеуметтік көмек көрсетуге 3,7 млрд теңге бөлінді

Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтамасыз ету жоспарларын жариялады.

«Қазір біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, әрбір отбасының әлеуметтік картасын әзірлеп жатырмыз. 1 шілдеге дейін карта дайындалып, қосымша көмек көрсетілетін болады. Қазір ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдармен ықпалдастыру бар. Осы айдың соңына дейін құру толығымен аяқталады. 2019 жылдың басынан бастап 3,7 млрд теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, қазір басты мәселе - мұқтаж отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету.

«Біріншіден, оларды жұмыспен қамтамасыз ету керек, екіншіден, пәтер алуға көмектесу керек. Біз оларға өз ісін ашуға көмектесуіміз керек. Әсіресе, үйде отырған адамдар үшін жалпы әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қажет. Қазір республикада жақсы жобалар бар. Мысалы, Алматыда - «Бақытты отбасы», Қызылорда облысында - «Бала мекен», Маңғыстау облысында да бастамалар бар», - деді Еңбек министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев шағын несие беру көлемін нақты арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Шағын несие беру көлемін 500 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Егер бұл зәкірлік жоба болса, шағын несие беру 21 млн теңгеге дейін ұлғаяды», - деді министр.

Похожие материалы