Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Жыл басынан бері шетелден Қазақстанға ақша аударылатын транзакциялардың жиілігі артқан. Бұл туралы Finprom.kz сараптама қызметі жазды
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға шетелден ақша аударылған транзакциялар саны 311,6 мың болған. Бұл өткен жылдың діл осы мерзімімен салыстырғанда 19,8 пайызға немесе 51,6 мыңға көп.
Елімізге шетелден аударылған қаражат көлемі 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 56,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 26,9 пайызға немесе 11,9 млрд теңгеге көп.
Золотая корона мен Western Union жүйелері шетелден аударылған қаражат көлемі жағынан алдыңғы қатарда тұр. Олар біргелікте нарықтың 65,9 пайызын игеріп отыр.
Наурызда шетелден Қазақстанға 21,5 млрд теңге аударылған. Ал транзакциялар саны бір ай ішінде 20,1 пайызға артқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024