2016 жылдың басынан бері Қазақстандағы тұтыну тауарларының құны 3%-ға өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,2%-ға, ал азық түлік емес тауарлар 2,6%-ға, ақылы қызмет көрсету 3,1%-ға қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2016 жылдың наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда инфляция 0,5%-ға артты. Осыған сәйкес, азық түлік тауарлары 0,5%-ға, азық түлік емес тауарлар 0,9%, ал ақылы қызметтер 0,3%-ға өсті.
Ал аймақтар арасында ең жоғарғы инфляция деңгейі Ақтөбе облысында (4,4%), Батыс Қазақстан (3,8%) және Атырау облысында (3,7%) тіркелді. Қызылорда (2%), Алматы (2,4%), Ақмола (2,6%) және Солтүстік Қазақстан облысында (2,6%) тұтыну бағасы біраз төмен.
2015 жылдың наурыз айынан бері инфляцияның жалпы деңгейі 15,7%-ды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024