Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,1%-ке төмендеді

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,1%-ке төмендеді

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,1%-ке төмендеді, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 1,6%-ке төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде 0,5%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 1,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 0,9%-ке арзандады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы сұйытылған пропан және бутанға - 5,3%, бензинге - 5,1%, мұнайға - 2,6%, мазутқа 1,4%-ға төмендеді, көмірге - 7,8%, табиғи газға - 1,9%, металл кендеріне 1,4%-ке жоғарылады.

Бағаның алюминийге - 2,9%, мысқа - 2,1%, мырышқа - 1,9%, қара металдар илегіне - 1,6%, ферроқорытпаларға - 0,9%-ке төмендеуі, олардың асыл металдарға - 5,5%, қорғасынға 4,7%-ке жоғарылауы тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 10,3%, жармаларға - 7,9%, макарон өнімдеріне - 5,8%, бидай ұнына - 5,1%, қара бидай ұнына - 3,7%, өсімдік майына - 2,5%, мал етіне - 2,4%, сүт өнімдеріне - 1,9%, балыққа - 1,5%, нанға - 0,7%, шайға 0,6%-ке жоғарылауы, олардың құс етіне - 0,6%, қантқа 0,2%-ке төмендеуі байқалды.

Похожие материалы